Бейжіңдегі нөсер жауын: 82 мыңнан астам адам эвакуацияланды

0
82

Қытай астанасындағы 3200-ден астам құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды.


Бейжіңдегі нөсер жауын: 82 мыңнан астам адам эвакуацияланды

фото:Sputnik / Александр Макаров

ERNUR.KZ. Бейжің билігі нөсер жаңбыр кезінде 82 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп жазады sputnik.kz.
"Нөсер жаңбыр салдарынан Бейжіңнің әртүрлі аудандарынан 82 мыңнан астам адам эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
Агенттік хабарлағандай, Қытай астанасындағы 3200-ден астам құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды.
Дүйсенбі күні түстен кейін Қытайдың метеорологиялық қызметі Бейжіңде нөсер жаңбырға байланысты дабылды ескерту жариялады. Жауын кешкі уақытта басталып, сейсенбі күні таңертеңге дейін созылды.
Өткен аптаның басында Бейжіңде де толассыз жаңбыр жауды. Табиғи апат құрбандарының саны 44 адамға жетіп , 80 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға уақытша көшірілді.