Барселона метросындағы өрттен шамамен 140 адам зардап шекті

0
120

Жолаушылар апаттық есіктерді өздері ашып, рельстерге түсіп, платформаға дейін шамамен 200 метр жүріп өтті.


Барселона метросындағы өрттен шамамен 140 адам зардап шекті

Фото: De Último Minuto

ERNUR.KZ. Испандық Барселона метросында өрт шығып, салдарынан 136 жолаушы медициналық көмекке жүгінді, деп жазады inform.kz.

Дүйсенбі күні кешке метро желілерінің бірінде жүріп келе жатқан пойыз жолда өрт шыққаны анықталғаннан кейін тоқтатылды.

Жолаушылар апаттық есіктерді өздері ашып, рельстерге түсіп, платформаға дейін шамамен 200 метр жүріп өтті. Платформадағы мамандар келген жолаушыларға көмек көрсетті.

Медицина қызметкерлері 136 адамды тексерді. Иіс тиіп уланған кейбір адамдарға оттегі маскалары берілді. Басқаларына үйлеріне қайтты, барлығы 39 адам қайтарылды. Зардап шеккен 39 адам әртүрлі аурухана мен жедел жәрдем орталықтарына жеткізілді.

Пойыз қатынасы сейсенбі күні қалпына келтірілді.

Бір нұсқа бойынша, өрт туннель қаптамасының құлап, тұтануынан болған.