Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

0
138

Еуропада өзендер мен көлдердегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты ескі әскери снарядтар мен миналар да табылып жатыр.


Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Сурет: magnific.com

ERNUR.KZ. Осы жазда Еуропаны шарпыған орман өрттері жаңа қауіпті анықтады – Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардан қалған жарылмай жатқан оқ-дәрілер. Жоғары температураның әсерінен Франция, Бельгия, Германияда кейбір ескі бомбалар мен миналар жарыла бастаған, деп жазады zakon.kz.

ABC7 Chicago басылымының мәліметінше, өрт ондаған жылдар бойы оқ-дәрілерді жасырып келген өсімдіктерді жойып, оларды жер бетіне шығарады. Ал аптап ыстық олардың іске қосылуына себеп болуы мүмкін. Қосымша қауіп - құрғақшылық. Еуропада өзендер мен көлдердегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты ескі әскери снарядтар мен миналар да табылып жатыр.

Бельгияда дүниежүзілік соғыстардан қалған оқ-дәрілердің табылғаны туралы жыл сайын мыңдаған хабарлама түседі. Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруі өткен қақтығыстардан қалған қауіпті мұраны біртіндеп қайтадан жер бетіне шығарып жатыр.

Бұған дейін Ұлыбританияда аптап ыстық туралы ескертулерге байланысты тұрғындардың өрт шыққаны туралы хабарлау үшін жедел қызметтерге жаппай қоңырау шала бастағаны хабарланған болатын.