Англияда пойызда белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап, 10 адам жарақат алды

0
182

Полиция 9 адамның ауыр жарақатпен ауруханада жатқанын хабарлады.


Англияда пойызда белгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап, 10 адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Англияның Кембриджшир графтығында білгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап,10 адам жарақат алды, деп жазады stan.kz.

Оқиға сенбі күні кешкісін Кембриджшир графтығында Анлияның солтүстік-шығысындағы Донкастер қаласынан Лондондағы King's Cross вокзалына кетіп бара жатқан пойызда болған.

Оқиға туралы хабардар болысымен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері оқиға орнына, яғни, Кембриджширдегі Хантингдон станциясына жиналды. Пойыз бұл станцияға жоспардан тыс тоқтаған болатын.

Полиция 9 адамның ауыр жарақатпен ауруханада жатқанын хабарлады. Тағы бір адам ауруханада жарақатын емдетіп жатыр, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Осы оқиғаға байланысты күдікті ретінде екі адам тұтқындалды.

Тергеу терроризмге қарсы бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Полиция бұл ауданда пойыздардың тоқтатылғанын хабарлады. Сонымен қатар көлік қозғалысына да шектеу қойылған.