Али Хаменеи қайтыс болған соң Иранды уақытша кім басқаратыны айтылды

0
143

Иранды ел президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және Конституцияны қорғау кеңесінің бір мүшесі уақытша басқаратын болады.


Али Хаменеи қайтыс болған соң Иранды уақытша кім басқаратыны айтылды

Фото: Iranian Presidency, Keystone Press Agency, Global Look Press

ERNUR.KZ. Жоғарғы көшбасшы Али Хаменеи қазасынан соң Иранды кім басқаратыны айтылды, деп жазадыStan.kz.

Иранды ел президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және Конституцияны қорғау кеңесінің бір мүшесі уақытша басқаратын болады. Мұны Иранның бірінші вице-президент Мохаммад Мохбер хабарлады.

Елдің Жоғарғы көшбасшысы, аятолла Али Хаменеи 28 ақпан күні таңертең Тегеранға жасалған АҚШ пен Израильдің бірлескен әуе соққысы салдарынан қаза тапқан. Оның өлімін жексенбіге қараған түні Иран ресми түрде растады.

Бұған дейін IRNA Али Хаменеидің кеңесшісі Иранның Қорғаныс жөніндегі кеңесінің хатшысы Али Шамханидің, Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпурдің қаза болғанын растаған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілген соң “Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын” бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Хаменеи қаза тапқан соң ел қалаларының орталық алаңдарына мыңдаған адам жиналып, кек қайтаруды талап етіп жатыр. Сонымен қатар елде жаппай аза тұту шаралары өтіп, мешіттерде қаралы тулар көтерілген.