Әлемдегі "ең кәрі" нәресте дүниеге келді

0
217

Ұл бала "ең қарт жаңа туған нәресте" ретінде рекорд иегері атанды.


Әлемдегі

ERNUR.KZ. Әлемдегі "ең кәрі" нәресте АҚШ-та дүниеге келді, деп жазады baq.kz.

АҚШ-та 30 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан нәресте дүниеге келді. Ұл бала "ең қарт жаңа туған нәресте" ретінде рекорд иегері атанды.

Бұл оқиға 31 жыл бұрын Арчедтер отбасынан бастау алған. Ерлі-зайыптылар бала сүйгісі келген. Бірақ табиғи жолмен балалы бола алмаған. Сол кезде Линда Арчед ЭКҰ (экстракорпоралды ұрықтандыру) клиникасына жүгініп, генетиктердің көмегімен төрт эмбрион жасалған. Оның біреуі Линдаға салынған, ал қалған үшеуі мұздатуға жіберілген.

Алғашқы эмбрионнан Линда сау баланы өмірге әкелді. Қазір оның қызы 30 жаста. Ал қалған үш эмбрион осы уақытқа дейін клиникада сақтаулы болған. Әйел олардың сақтау ақысын жыл сайын төлеп тұрған және оларды өзінің "кішкентай үміттері" деп атаған.

Алғашында Линда оларды өзі көтеріп, дүниеге әкелуді армандаған. Бірақ денсаулығы сыр беріп, бұл мүмкін болмады.

Жақында ол эмбриондарды асырап алуға беру бағдарламасына қатысуға шешім қабылдады. Болашақ баласының отбасын таңдауға ұзақ уақытын жұмсады. Себебі 30 жыл бұрын туған қызымен қарым-қатынас жасап тұруына мүмкіндік болғанын қалаған.

Ақыры Линда өзі қалағандай отбасылық жұпты тапқан. Линдси мен Тим Пирс өздері балалы бола алмағандықтан эмбрион асырап алуды қалаған.

Нәтижесінде Линда Арчедтің 30 жыл бұрынғы эмбрионы Линдси Пирске сәтті салынған. Нәтижесінде тоғыз айдан кейін сау сәби дүниеге келді.