Әлем нарығында алтын бағасы 1 пайызға арзандады

0
229

Алтын бағасының түсуіне халықаралық саудадағы шиеленістің жеңілдеуі мен доллардың күшеюі себеп.


Әлем нарығында алтын бағасы 1 пайызға арзандады

Фото: пресс-служба Национального банка РК

ERNUR.KZ. Әлем нарығында алтын бағасы соңғы екі аптадағы ең төменгі деңгейге түсті. Соңғы мәліметке қарағанда, оның құны 1 пайызға арзандаған, деп жазады zakon.kz.

Сарапшылардың ойынша, алтын бағасының түсуіне халықаралық саудадағы шиеленістің жеңілдеуі мен доллардың күшеюі себеп.

Бұған дейін бүкіл әлем үшін тарифті көтерген АҚШ президенті енді, Үндістанмен, Жапониямен, Оңтүстік Кореямен, тіпті Қытаймен де сауда келісімін жасау ниетін байқатып отыр.

Айта кетсек, Трамптың тариф саясаты жаһан экономикасына құлдырау қаупін төндірді.

Салдарынан өткен айда инвесторлар активтерін алтынға салып, бұл металлдың нарқы 3500 долларға дейін көтерілгені белгілі.