​Әлем елдерінде аптап ыстық күшейіп барады

0
112

Мұндай тұжырымды Аустралия ғалымдары жасады.


​Әлем елдерінде аптап ыстық күшейіп барады

Фото: Рixabay

ERNUR.KZ. Кейінгі 30 жылда аптап ыстық күндердің саны айтарлықтай артқан. Бұл – температура мен ылғалдылықтың артуына қарсы жедел шаралар қабылдауды талап етеді, деп жазады inform.kz.

Мұндай тұжырымды Аустралия ғалымдары жасады. Олар әлемнің 18 еліндегі әріптестерімен бірлесіп зерттеу жүргізген. Бұл жұмыс «Қоршаған орта және ресурстар мәселелері бойынша жыл сайынғы шолу» ғылыми басылымында жарияланған.

Зерттеу жұмысында көрсетілгендей, жылына тіркелетін аптап ыстық күндердің орташа саны 1990-2006 жылдар аралығында 12 күн болса, 2007-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 19,3 күнге жеткен. Ең үлкен өсім Африкада, Таяу Шығыста және Азияның кейбір бөліктерінде байқалып отыр. Ғалымдар экстремалды ыстықтың қаупін нақты бағалау үшін алғаш рет тек ауа температурасына ғана емес, сонымен қатар ылғалдылық деңгейіне, күн радиациясының қарқындылығына, желдің жылдамдығы мен бағытына да назар аударған.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ыстық кезеңдер адамның денсаулығына тікелей әсер етіп, күн өту, жүрек-қан тамырлары ауруларына алып келсе, жанама әсерлер қатарында психикалық жай-күйдің бұзылуы мен жүкті әйелдерге төнетін қауіптер де бар.
Мамандар аптап ыстық күндердің көбеюіне байланысты денсаулық пен экономикаға келетін зиянды азайтуға бағытталған кешенді тәсіл ұсынды. Бұл тәсілге мәлімет пен ресурстар алмасуға арналған халықаралық ынтымақтастық, ұлттық бейімделу және алдын алу стратегияларын әзірлеу, мемлекеттік мекемелер мен ғылыми ұйымдар арасындағы үйлесімді әрекет, жергілікті қауымдастықтарды тәуекелдерді азайту іс-шараларына тарту, халықтың хабардарлығын арттыру және жеке қорғану шараларын қолға алу кіреді.