Ақылы мейірім: Қытайда қарттарға арналған жаңа қызмет түрі пайда болды

0
126

«Асырап алған балалар» қарттарға емханаға баруға, дүкен аралауға, тұрмыстық шаруаларды атқаруға көмектеседі.


Ақылы мейірім: Қытайда қарттарға арналған жаңа қызмет түрі пайда болды

ERNUR.KZ. Қытайда ерекше әлеуметтік қызмет – «балалар аутсорсингте» жобасы іске қосылды. Егде жастағы адамдар қауіпсіздік пен қолдау үшін арнайы жалданған жастарға ақы төлей бастады, деп жазады baq.kz.

«Асырап алған балалар» қарттарға емханаға баруға, дүкен аралауға, тұрмыстық шаруаларды атқаруға көмектеседі. Сонымен бірге олар психологиялық қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда жанжалдарда медиатор ретінде араласады.

Идея алғаш рет Далянь қаласында ұсынылған. Үш ай ішінде тоғыз адамнан құралған топ мыңға дейін өскен және Қытайдың әртүрлі аймақтарында филиалдар ашылды. Жұмысқа көбіне ардагерлер мен заңгерлер қабылданады – олардың беделі қарттарға сенімділік береді.

Қызметтің бір сеансы 500-ден 2500 юаньға дейін (шамамен 70-350 АҚШ доллары) тұрады. Сарапшылардың айтуынша, сұраныс жылдан жылға артып келеді.