АҚШ-та жүк көлігі аударылып, қауіпті вирус жұқтырған маймылдар қашып кетті (видео)

0
113

Миссисипи штатында гепатит С, герпес және COVID-19 вирусын тасымалдауы мүмкін маймылдар тиелген жүк көлігі аударылған.


АҚШ-та жүк көлігі аударылып, қауіпті вирус жұқтырған маймылдар қашып кетті (видео)

Фото: The Guardian

ERNUR.KZ. АҚШ-та жүк көлігі аударылып, салдарынан қауіпті вирустарды тасымалдауы мүмкін бірнеше маймыл қашып кеткен. Олардың біреуі әлі табылмаған, деп жазады stan.kz.

Мәліметке сәйкес, Миссисипи штатында гепатит С, герпес және COVID-19 вирусын тасымалдауы мүмкін маймылдар тиелген жүк көлігі аударылған.

“Билік мәліметінше, бір маймыл әлі табылмай жатыр. Маймылдар торда болған, ал жүк көлігі I-59 федералды тас жолында, Гейдельберг қаласының солтүстігінде апатқа ұшыраған”, – делінген хабарламада.

Жүй көлігі маймылдарды Флорида штатындағы арнайы зерттеу орталығына апара жатқан.

The Guardian мәліметінше, салмағы шамамен 12 келі болатын маймылдар агрессивті мінез көрсеткен. Сондықтан оларға жақындау үшін тек жеке қорғаныс құралдарын киюге рұқсат етілген.

“Кейін жергілікті полиция өкілдері бір маймылдан басқасының бәрі жойылғанын хабарлады. Қазір соңғы маймылды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.