Зардап шеккендер бар.
Фото: yahoo.com
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Теннесси штатында ұшақ апатқа ұшырады, деп жазады inbusiness.kz.
Белгілі болғандай, ұшақ ішінде 20-ға жуық адам болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қаза тапқандар жоқ, алайда зардап шеккендер бар. Бұл туралы апат болған Таллахома қаласының өкілі Лайл Рассел мәлімдеді. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 12:15-те болған.
The New York Times апатқа ұшыраған ұшақтың De Havilland Canada DHC-6 Twin Otter маркалы екенін хабарлады. Бұл әуе кемесі парашютпен секірулерді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Оқиға куәгерлерінің сөзінше, ұшақ Таллахома әуежайының маңында құлаған. Апаттың нақты себебі әлі анықталған жоқ.