АҚШ-та жойқын су тасқынынан 119 адам қаза тапты

0
118

Жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кетті.


АҚШ-та жойқын су тасқынынан 119 адам қаза тапты

Фото: AP

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатында су тасқыны салдарынан 119 адам көз жұмып, 161 адам із-түзсіз жоғалды, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Ең қатты зардап шеккен Керр округінде кемінде 161 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың арасында бес қыз бен Гваделупе өзенінің жағасындағы жазғы лагерьдің бір тәлімгері бар.

Техас штатының губернаторы Грег Эбботт сейсенбі күні штат бойынша 173 адамның жоғалып кеткенін мәлімдеді. Су тасқыны құрбандарын еске алу үшін 14 шілдеге дейін Техас туы төмен түсірілді.

Нью-Мексико штатының билігі хабарлағандай, Руидозо елдімекенінде нөсер жауын салдарынан болған селден үш адам қаза тапты.

АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметінің дерегінше, соңғы он жылда елде су тасқынынан жыл сайын орта есеппен 113 адам қайтыс болған.