АҚШ Иранға жасалған соққының бір реттік операция екенін мәлімдеді

0
132

Иран билігі шабуыл фактісін растады, бірақ соққылар қайтымсыз залал келтірмегенін айтты.


АҚШ Иранға жасалған соққының бір реттік операция екенін мәлімдеді

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иран билігімен байланысқа шығып, ядролық нысандарға жасалған соққылар бір реттік операция болғанын және Тегерандағы режимді ауыстыруды көздемейтінін жеткізді, деп жазады baq.kz.


Бұған дейін, 19 маусымда, Дональд Трамп Иранға АҚШ талаптарын орындауға екі апта уақыт беретінін айтқан болатын. Алайда екі күннен кейін-ақ президент Иранның ядролық нысандарына соққы жасауға санкция берді. Ақ үй бұл шешімді «ешкім күтпеген сәтте әрекет ету» мақсатында қабылданғанын түсіндірді.

WSJ-дің жазуынша, АҚШ-тың бұл операциясы бірнеше апта бойы талқыланып, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен тікелей келісім арқылы жүзеге асқан.

22 маусымға қараған түні АҚШ әскери-әуе күштері Иранның Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы үш ядролық нысанға әуе соққысын жасады. Дональд Трамп бұл Тегеранның уран байытудағы негізгі инфрақұрылымдары екенін атап өтіп, олардың жойылғанын мәлімдеді.

Иран билігі шабуыл фактісін растады, бірақ соққылар қайтымсыз залал келтірмегенін айтты.