​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім бірінші кешірім сұрайды?

0
233

Ұрыс-керістен кейін біреулер кешірім күтсе, енді біреулер өз қатесін түсініп, татуласуға дайын тұрады.


​ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Кім бірінші кешірім сұрайды?

Сурет: ЖИ

Кез келген қарым-қатынаста зәуде бір реніштің тууы, кейде ұрысып-керісіп қалу –табиғи жағдай. Алайда әр адамның жанжалдан кейінгі әрекеті мүлде бөлек. Біреулер бірден татуласуға ұмтылса, енді бірі апталап үнсіз қалуды жөн көреді. Енді біреулер өз қатесі бола тұра, мойындағысы келмей кергиді. Астрология әуесқойлары мұны адамның туған жұлдыз белгісімен байланыстырады. Ғылыми дәлелі болмаса да, бұл жақындарыңыздың мінезін басқа қырынан тануға көмектесетін қызықты болжам.


Тоқты үнсіздікпен жазалайды

Ашуын бірден сыртқа шығарып алғанымен, кейін қарсы тарапты әдейі елемей қоюы мүмкін. Хабарламаларға жауап бермей, салқын қабақ таныту олардың ренішін білдіру әрі жазалау тәсілі.


Торпақ өзін-өзі кінәлайды

Сырттай қырсық көрінгенімен, ұрыс біткен соң болған жағдайды іштей қайта-қайта саралайды. Өз қателігін түсінсе, татуласудың жолын іздей бастайды. Ренжіткен адамының кешірімін алу үшін біраз ерлікке баруға дайын.


Егіздер сөйлесуден бас тартады

Әдетте ашық-жарқын, көп сөйлейтін Егіздердің үнсіз қалуы – қатты ренжігенінің белгісі. Олар байланысты толық үзіп, қарсы тарапты үнсіздікпен қинайды.


Шаянның көңілі тез босайды

Жақындарымен арадағы жылылықты жоғары бағалайды. Сондықтан ұзақ ренжісіп жүре алмайды. Ашуы басылысымен қарым-қатынасты қалпына келтіруге асығады.


Арыстан намысын бермейді

Өз қадірін өте жоғары қояды. Арыстанды ренжітсеңіз, оны тез жұмсарту мүмкін емес. Олар серіктесінің өз қатесін мойындап, алдына кешірім сұрап келгенін күтеді.


Бикеш бәрін таразылайды

Жанжалдан кейін болған оқиғаны жіпке тізгендей талдап шығады. Егер артық кеткенін сезсе, бірінші болып кешірім сұраудан арланбайды.


Таразы іштен тынады

Жанжалды ушықтырғанды ұнатпайды, сондықтан іштегі ренішін ашық айтуға да батпайды. Оның орнына созбалаң үнсіздікке салынып, қарсы тараптың өзі түсінгенін күтеді.


Сарышаян суық көзқараспен білдіреді

Олардың ренжігенін бірден байқауға болады. Көп сөйлемей-ақ, өткір әрі салқын көзқарасымен-ақ бәрін сездіреді. Алғашқы қадамды әрдайым қарсы тараптан күтеді.


Мерген реніші тез басылады, бірақ бірінші болып кешірім сұрамайды

Эмоциясын жасырмай, бәрін бетке айтады. Ашуы тарқаған соң араласуды жалғастыруға қарсы емес, алайда бірінші болып қадам жасамайды. Мұндай әдекетті екінші адамның еншісіне қалдырады.


Тауешкі сабыр сақтағансып жүреді

Сырттай ұстамды көрінгенімен, іштей жағдайды ұзақ ойлап жүреді. Егер өзін хақ деп санаса, татуласуға, кешірім сұрауға ешқашан бірінші болып бармайды.


Суқұйғыш сыртқа білдірмейді

Ренжігенін ашық көрсетпегенімен, оның суық қарым-қатынасы бәрін айтып тұрады. Маселені шешуге қарсы болмағанымен, алдымен қарсы тараптың ынтасын байқағысы келеді.


Балықтар өзін кінәлі сезініп қиналады

Өте сезімтал болғандықтан, ұрыстан кейін іштей қатты уайымдайды. Жақын адамының көңілін қалдырғанын сезсе, бірінші болып жылы сөз айтып, татуласуға ұмтылады.

Ұрыс-керістен кейін біреулер кешірім күтсе, енді біреулер өз қатесін түсініп, татуласуға дайын тұрады. Бірақ қарым-қатынасты сақтап қалудың ең сенімді жолы жұлдыз белгілеріне ғана сүйенбей, ашық сөйлесіп, бір-біріне түсіністік таныту. Астрологиялық сипаттамаларды тек өмірді қызықты ететін болжам ретінде кабылдаған абзал.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖІГІТтің қандай КҮЙЕУ болатынын ТУҒАН КҮНіне қарап болжай аласыз