Кей адамдар құлағына бірдеңе тисе болды, өзгелермен бөліспей, таратпай тұра алмайды. Енді бірі үшін өсек айту – тәрбиесіздік, ар мен әдептен аттау. Мұндай ерекшеліктер, яғни, адамдардың біреудің сөзіне құлақ түргіш немесе керісінше, құпия сақтайтын, тұйық болуы көбіне олардың мінез-құлқымен байланысты.
Астрология бұл мінездердің тамыры тереңде жатқанын, жұлдыз белгілерімен ұштасатынын айтады. Жұлдыз белгісінің өсекке деген қарым-қатынасы туралы астрологиялық болжам кімге сенуге болатынын және кімге ашылып сыр айтпау керегін жақсырақ ажыратуға көмектеседі.
Тоқты
Қызыққыш, тік мінезді. Өсекке қатты елікпейді, бірақ кей жағдайларда қызығушылық танытуы мүмкін. Біреудің артынан сөйлегенді ұнатпайды. Алайда біреудің өзі жайлы сыпсың сөз таратқанын естісе, ұстамды болудан бас тартып, ол адам жайлы бар білгенін жайып салады.
Торпақ
Өсекке алыс, салмақты белгі. Жеке кеңістікті, адалдықты, тыныштықты бағалайды. Өсек айту олар үшін мәнсіз іс. Тек сенімді ақпаратқа мән береді, алып-қашпа сөздерге құлақ түрмейді.
Егіздер
Оларды «Өсек патшасы/патшайымы» деп атауға да болар. Өте көпшіл, адамдармен сөйлесуге құмар, сөйлесу барысында естіген-білгендерін айтып тауысқанша асығады. Ақпарат — олардың «валютасы». Бірақ мұнысын өсек айту деп санамауы мүмкін, тек «бөлісіп жатырмын» деп есептейді.
Шаян
Сенімді құпия сақтаушы. Біреу сеніп сырын айтса, алыпқашпа қауесет естісе, оның құпиясын жерге кірсе де шығармайды.
Егер біреудің басынан өткен оқиға жүрегіне әсер етсе, оны жақын адамымен бөлісуі мүмкін. Бірақ мұнысын сөз тасу емес, жаны ашу, жәрдем іздеу деген дұрыс. Отбасы мен жақындар үшін бәріне дайын. Егер біреудің әрекеті жақындарына қауіп төндірсе, Шаян оны «әшкерелеуге» дайын тұрады. Алайда мұндағы мақсаты да да өсектеу емес, қорғау.
Арыстан
Драма мен назарды жақсы көреді. Қызықты әңгіме айтудан бас тартпайды. Өзі туралы айтылған өсекті де білуге ынтық. Өз ортасында «басты ақпарат көзі» болғысы келеді.
Бикеш
Талдаушы өсекші. Әңгімеге жай қызық немесе жұртқа жаю үшін емес, өмірдің философиясын түсіну, адамдардың мінез-құлқын зерттеу мақсатында араласады. Ұсақ-түйекке мән беріп, жағдайды ұсақ-түйегіне дейін талдайды.
Таразы
Мәдениетті өсекші. Көп сөйлейді, қызығушылықпен тыңдайды және ақпаратты одан ары қарай бөліседі. Адамдармен қарым-қатынасты сақтап қалу үшін кейде қауесетті жұмсақ түрде жеткізеді. Арадағы гармонияны сақтау үшін біреудің сөзін екіншісіне айтып қоюы мүмкін.
Сарышаян
Құпия сақтаушы. Өз құпиясын да, біреудің құпиясын да жай таратпайды. Көз алдында өсек айтқан жанға одан кейін сенім артпайды, тек сенімсіздікпен қарайды.
Мерген
Философиялық өсекші. Көбінесе терең ой ойлап, құнды сөздер айтқанды жөн санайды. Бірақ арасында «Не болып жатыр? Кім не деп жатыр?» дегенге де құлақ түріп қояды. Ақпаратты кең мағынада түсініп, тұжырым жасауы мүмкін.
Тауешкі
Сөзге емес, іске үйір. Уақытына, сөзіне жауапкершілікпен қарайды. Өсекке уақытты босқа кетіру деп санайды. Біреудің артынан сөйлеуді абыройсыз әрекет деп бағалайды.
Суқұйғыш
Рационалды, тәуелсіз. Тұлғалық шекараны құрметтейді. Қоғамдағы үлкен тақырыптар қызықтырады, ал жеке өсек — мәнсіз. Керісінше, өзгелерді өсектен тыйып жүруі мүмкін.
Балықтар
Эмоционалды тыңдаушы. Біреудің тағдырына қатты уайымдайды, сондықтан өсекке іштей реакция береді. Бірақ өзі бастамашы болмайды, көбіне жай тыңдаушы.
Бұл – болжам, жалпы сипаттама ғана. Әрине, жеке адамның әдеттері мен әрекеттері, ұстанымдары дүниеге келген уақытына ғана байланысты емес. Тәрбиесі мен өмірден көрген-түйгеніне қарай өзгеруі әбден мүмкін.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: