Қай БЕЛГІ иесі ІШІМДІКке үйір болуы мүмкін?

0
272


Қай БЕЛГІ иесі ІШІМДІКке үйір болуы мүмкін?

Сурет: r5.mt.ru

Спирттік ішімдік әркімге әрқалай әсер етеді. Біреу көңілді әрі ашық бола түссе, енді біреуі тұйықталып, эмоцияға беріліп кетеді. Астрология бойынша әр жұлдыз белгісінің алкогольге деген көзқарасы, төзімділігі және мас кезінде өзін ұстауы әртүрлі. Төменде осы ерекшеліктер кеңірек сипатталған.


Тоқты

Тоқтылар – қызуқанды, батыл әрі импульсивті адамдар. Олар достарымен бірге алкоголь ішуді жақсы көреді және көбіне өздері соған бастамашы болады. Көңіл көтергісі немесе стрессті басқысы келгенде ішімдік іздеуі мүмкін. Мас кезінде ашық, әзілқой әрі өз-өзіне сенімді болып кетеді. Бірақ шектен тыс көп ішсе, ашушаң, агрессивті болып кетеді. Біреулермен сөзге келіп, тіпті төбелесіп қалуы да ықтимал.


Торпақ

Торпақтар – өмірдің рахатын білетін, дәмді тамақ пен сапалы ішімдікті ұнататын адамдар. Олар спирттік ішімдікті асықпай, баппен түрде ішіп, әр сәттен ләззат алуға тырысады. Мас кезінде жайдарлы, көңілді, кейде романтик бола бастайды. Бірақ өз шекарасынан асса, тым-тырыс отырып қалуы немесе ұйықтап қалуы мүмкін.


Егіздер

Егіздер – ашық, әңгімешіл әрі тез жалығатын адамдар. Олар ішімдікті түрлі жағдайларда, кешке немесе кездесуде жай ғана қызық үшін ішеді. Көңіл-күйі ішімдікпен бірге жиі өзгеріп тұрады: бір сәтте күлкіден жарылып, келесіде көзіне жас алуы мүмкін. Мас кезінде өте сөзшең, барлығымен сөйлесуге тырысады.


Шаян

Сезімтал әрі эмоцияға бейім Шаяндар ішімдікті көбіне жалғыз отырып ішеді. Бұл олар үшін өзін тыныштандыру тәсілі. Мас кезінде өткен сәттерді еске алып, сыр шертуге дайын тұрады. Эмоционалдық толқулармен бірге өз-өзіне сенімсіздік пайда болуы мүмкін, тіпті көз жасына ерік беруі де ғажап емес.


Арыстан

Арыстандар үшін ішімдік – көңіл көтерудің, сән-салтанаттың бір бөлігі. Оны мерекелік атмосферамен байланыстырады және ішкен кезде сахнаның жұлдызына айналады. Би билеп, күлдіріп, барлық назарды өзіне аударғанды ұнатады. Мас кезінде батыл, тіпті ержүрек әрекеттерге баруы мүмкін.


Бикеш

Ұқыпты және талғампаз Бикештер ішімдікті аса сирек әрі есеппен ішеді. Артық сілтеп қойып, өзін жоғалтып алудан қорқады. Мас кезінде сырт көзге сабырлы болып көрінгенімен, ішінде күйзеліс жүріп жатады. Кейде бір стақаннан-ақ меланхолиялық күйге түсіп кетуі мүмкін.


Таразы

Таразылар – эстет, сұлулық пен үйлесімділікті бағалайтын адамдар. Олар ішімдікті жағымды музыка, әдемі ортада ішуді ұнатады. Мас кезінде баршаға жақсы көңіл күй сыйлайды.


Сарышаян

Сарышаяндар ішкі эмоциясын көбіне ішімдік арқылы басуға тырысады. Олар ішімдікті терең күйзелісте немесе қарқынды сәтте тұтынады. Мас кезінде не өте ашулы, не тым жұмбақ болып кетеді. Ондай кезде абай болу керек – эмоциясы шектен шығуы мүмкін.


Мерген

Мергендер еркіндікті, саяхатты, қызықты кештерді жақсы көреді. Олар ішімдікті серуенде, кездесуде немесе жаңа әсер, дәм іздегенде қолданады. Мас кезінде керемет көңілді болып, жаңа таныстықтар орнатып, билеп, айналасын күлдіріп жүреді. Алайда, ішіп алып шектен тыс сөз айтып қоюы немесе асығыс шешім қабылдауы мүмкін.


Тауешкі

Тауешкілер ішімдікті міндетті шара немесе мәртебе белгісі ретінде көреді. Олар ішкенде де өзін ұстамды ұстап, көп сөйлемеуі мүмкін. Мас кезінде біртіндеп ашылып, айналасына жылы қабақ танытады. Бірақ эмоцияларын сыртқа шығармайтын әдеті оларға кедергі келтіруі мүмкін.


Суқұйғыш

Суқұйғыштар – креативті, өзгеше ойлайтын, стандарттан тыс адамдар. Ішімдікті көбіне жаңа дәм көру үшін ішеді. Дәстүрлі ішімдіктерден гөрі өзгеше, сирек кездесетіндерін таңдайды. Мас кезінде олар әдеттен тыс ойлар айтып не күтпеген әрекеттер жасауы мүмкін.


Балықтар

Балықтар - арманшыл әрі сезімтал болып келеді. Олар ішімдікті қиындықтан, шындықтан қашу үшін ішеді. Мас кезінде сезімге беріліп, армандарын айтып не жалғыз қалып, өзінің жаны жаралы етіп көрсетуі мүмкін. Кейбіреулері ішімдікке тәуелділікке тез түсіп кетуі ықтимал, сондықтан оларға сақ болу қажет.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Ол НЕДЕН қорқады? НЕГЕ қорқады?