Залал 4 миллиард теңге: Түркістан облысында білім бөлімінің 41 қызметкері ақша жымқырды деген күдікке ілінді

0
419

Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайлары мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр.


Залал 4 миллиард теңге: Түркістан облысында білім бөлімінің 41 қызметкері ақша жымқырды деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ Түркістан облыстық прокуратурасы Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты аса ірі мөлшерде ақша жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.




Прокуратура дерегіне сәйкес тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері өздерінің, сондай-ақ туыстары мен таныстарының есеп шоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырып келгені анықталған. Нәтижесінде 2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 миллиард теңгеден аса залал келген.

“Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде 2 білім бөлімінің басшысын, 1 бас есепші, 2 орынбасарын және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды. Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайлары мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Өзге ақпараттар Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды.