Түркістандықтар Азия чемпионатында 7 медаль жеңіп алды

0
132

Бұл чемпионаттың нәтижелері алғаш рет Халықаралық ескек есу федерациясының әлемдік рейтингіне енгізіліп отыр.


Түркістандықтар Азия чемпионатында 7 медаль жеңіп алды

Түркістандық спортшылар Азия чемпионатынан 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қытайдың Нанчанг қаласында байдарка мен каноэда ескек есуден өткен Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары ұлттық құрама сапында сәтті өнер көрсетті. Құрлық додасына Азияның 20 елінен 244 спортшы қатысты. Айта кетейік, бұл чемпионаттың нәтижелері алғаш рет Халықаралық ескек есу федерациясының әлемдік рейтингіне енгізіліп отыр. Бұл – жарыстың мәртебесін арттыратын маңызды жаңалық.


Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жарыс барысында 7 медаль жеңіп алды: 3 алтын, 2 күміс және 2 қола.


Жеңімпаздар тізімі:

Ольга Шмелева – алтын, байдарка (екі адамдық), 500 метр.

Ольга Шмелева – Артем Терещенко – алтын, байдарка (екі адамдық, микс), 500 метр.

Ольга Шмелева – алтын, байдарка (төрт адамдық), 500 метр.

Полат Туребеков – күміс, каноэ (екі адамдық), 500 метр.

Бекарыс Раматула – күміс, байдарка (жекелей), 500 метр.

Ольга Шмелева – қола, байдарка (төрт адамдық, микс), 500 метр.

Ольга Шмелева – қола, байдарка (жекелей), 200 метр.


Алға қойылған жоспар толық орындалды. Облыстың бапкерлер құрамы жарысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалып, күткен нәтижеге қол жеткізді.


Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы Денис Жарменовтің айтуынша, бұл жарыс түркістандық спортшылардың Азия деңгейінде жоғары әлеуетке ие екенін көрсетті. 2026 жылғы Жазғы Азия ойындарында қазақ спортшыларының топ жару мүмкіндігі мол.

Бөлісу