Түркістандық триатлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

0
78

Егор Крупяков алғаш рет құрлықтық біріншілікте қола жүлдеге қол жеткізді.


Түркістандық триатлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Иорданияның Акаба қаласында триатлоннан U-23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан спорты тағы бір тарихи жетістікпен толықты. Иорданияның Акаба қаласында өткен триатлоннан U-23 жас санатындағы Азия чемпионатында Түркістан облысының су спорты түрлерінен олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Егор Крупяков алғаш рет құрлықтық біріншілікте қола жүлдеге қол жеткізді.


Жарыс барысында жас спортшы жоғары дайындық деңгейін, төзімділігін және кәсіби шеберлігін паш етіп, құрлықтың үздік спортшылары арасында үздік үштіктен көрінді.


Айта кетейік, Егор Крупяков бұл додаға жеке бапкері Максим Мазурдың жетекшілігімен тыңғылықты дайындалып, өз карьерасындағы ең ірі жетістіктерінің біріне қол жеткізді.

Бөлісу