Айтыскер ақын Ринат Зайыт қорғаныс министрлігінде қызметке тағайындалды

0
111

Экс-депутат ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшысы болды.


Айтыскер ақын Ринат Зайыт қорғаныс министрлігінде қызметке тағайындалды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Айтыскер ақын, бұрынғы мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қарулы күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы экс-депутат "Adal Adam" YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Айтуынша, жаңа қорғаныс министрінен осындай ұсыныс түскен.

"Осы қазан айының басында жаңа Қорғаныс министрінің шақыртуымен Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа келдім. Қазіргі жағдайлардан кейін мемлекет басшысының "қорғаныс саласына жасаңдар" деп тапсырған реформасы басталды. Сол реформаның бір бөлігіне атсалыссам деген арманмен келдім", - дейді Ринат Зайыт.
Ол орталыққа әскери ансамбль, оркестр, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары кіретінін, әскердегі және әскерге дейінгі жастардың патриоттық санасын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырумен айналысатынын айтты.