Түркістандық спортшы ұлттық құрама қоржынына қола жүлде салды

0
96

WKF каратэ көптеген кешенді жарыстардың бағдарламасында бар.


Түркістандық спортшы ұлттық құрама қоржынына қола жүлде салды

Түркістандық спортшы ұлттық құрама қоржынына қола жүлде салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мысыр астанасында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатында каратэ кумитеден 61 кг дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Әсел Қанай қола жүлде жеңіп алды.


Ұлттық құрама спортшысы жүлде жолында украиналық Олександра Шолоховадан басым түсті. Есеп: 3-2.


Әселдің биылғы чемпионаттағы жекпе-жектеріне шолу:

Топтық кезең:

Әсел Қанай - Вафа Махжуб (Тунис) 1-2

Әсел Қанай - Али Хани (Үндістан) 8-0

Әсел Қанай - Нина Радженович (Швейцария) 3-1.

1/8 кезең: Әсел Қанай - Әли Нурсен (Мысыр) 5-2

Ширек финал: Әсел Қанай - Гонг Ли (Қытай) 1-1.


WKF каратэ елімізде бұқаралық сипат алған спорт түрінің қатарында. Бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді әрі биыл ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне енді. WKF каратэ көптеген кешенді жарыстардың бағдарламасында бар.

Бөлісу