Түркістандық спортшы асық атудан Азия чемпионы атанды

0
133

12 елден келген мергендер бақтарын сынады.


Түркістандық спортшы асық атудан Азия чемпионы атанды

Түркістанда асық ату және бес асық ойынынан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында асық ату және бес асық спорт түрлері бойынша II Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге сары құрлықтың 12 елінен келген мергендер қатысып, бақтарын сынады. Атап айтар болсақ Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Саха республикасы, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Үндістан елдерінен келген асықшылар екі күн бойы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін ұлттық спорт мерекесіне айналдырды.


Тартысты өткен додада Асық ату мен бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионы атанса, екінші-үшінші орындарды Саха республикасы мен Моңғолия спортшылары өзара бөлісті.


Жеңімпаздар арасында Түркістан облысының өрені Дәулетәліқызы Еркежан да бар. Түлкібастық спортшы жоғары шеберлік көрсетіп, бес асықтан Азия чемпионы атанды. Жеңімпазды Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев арнайы қабылдап құрмет көрсетті.

Бөлісу