9 жылдан бері сауыншы қызметін атқарып келеді.
Түркістандық сауыншы “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінің тұрғыны Гүлнар Әбдіраманова ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі сауыншы. Ол «Sharkul Food» шаруа қожалығында 9 жылдан бері сауыншы қызметін атқарып келеді.
Гүлнар Әбдіраманованың жалпы еңбек өтілі — 20 жылдан астам. Ол кәсіби қызметімен қатар, өз үйінде де мал ұстап, сүт өнімдерін өндірумен айналысып келген. Ісіне жауапкершілікпен қарап, еңбекқорлығымен ерекшеленетін ол, ұжым арасында да үлкен сый-құрметке ие.
Гүлнар Әбдіраманова — көпбалалы ана, жұбайы Бахтияр Әбдіраманов су шаруашылығы саласында механик болып жұмыс істейді. Олар отбасында бес баланы тәрбиелеп, өсіріп отыр, сондай-ақ екі немеренің асыл әжесі.
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Гүлнәр Ұзақбайды «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.


