Түркістандық қыз ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды

0
96

41 жастағы науқасқа MELD 16 балл көрсеткішімен бауыр циррозы диагнозы қойылған.


Түркістандық қыз ағасына бауырын беріп, өмірін сақтап қалды

Түркістан облысында үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті жасалды. Ота Болатбек Баймаханов бастаған жоғары білікті мамандардың қатысуымен өтті.

41 жастағы науқасқа MELD 16 балл көрсеткішімен бауыр циррозы диагнозы қойылған. Ауруы жарты жыл бойы асқынып, портальды гипертензия, асцит және басқа да ауыр асқынулармен жүрген. Жүргізілген емге қарамастан, жағдайы нашарлап, трансплантация өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы болды.

Донор – науқастың 20 жастағы туған қарындасы. Ол өз еркімен келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.

Операцияны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен команда жүргізді.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп қалпына келуде.

Бұл – өңірдегі трансплантологияның қарқынды дамуының айқын дәлелі және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам.

Бөлісу