Жамбыл облысында балабақшада тәрбиеші екі жасар баланы ұрған

0
111

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.


Жамбыл облысында балабақшада тәрбиеші екі жасар баланы ұрған

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Қордайда балабақшада тәрбиеші екі жасар баланы ұрған, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы зардап шеккен баланың анасы желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, 5 қазанда ұлын балабақшадан дене жарақаттарымен алып шыққан.
Бастапқыда қызметкерлер мұны "балалардың өзара төбелесі" деп түсіндірсе, кейінірек тәрбиеші "балаларды ажыратамын деп байқаусызда тиіп кетті" деген сылтау айтқан.

Балабақша басшылығы бейнежазбаны көргеннен кейін сол күні тәрбиешімен еңбек шартын бұзған.

Аталған дерекке қатысты "кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр", - дейді полиция.
Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процестік шешім қабылданатын болады.