Түркістандық дәрігерлер 3 адамның өмірін сақтап қалды

0
69

Бұл – уақытпен санаспайтын, әр минуты адам өмірі үшін шешуші саналатын аса қауіпті жағдай.


Түркістандық дәрігерлер 3 адамның өмірін сақтап қалды

Түркістандық білікті дәрігерлер 3 адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы Инсульт орталығына шұғыл түрде жеткізілді.


Дәрігерлер тексеру барысында науқастардың барлығынан субарахноидальді қан кету және аневризмалық патология белгілерін анықтады. Бұл – уақытпен санаспайтын, әр минуты адам өмірі үшін шешуші саналатын аса қауіпті жағдай.


Мамандар шұғыл консилиум өткізіп, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетті. Нейрохирургтер мен реаниматологтар селективті церебральді ангиография жасап, рентгенэндоваскулярлық әдіс арқылы аневризманы микроспиральдермен эмболизациялау (баллон ассистенциясымен) отасын жасады.


Күрделі оталар сәтті аяқталды. Науқастар «Интенсивті терапия» бөлімінде бақылауда болып, қауіпті кезеңнен өтті. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақтанып, «Нейроинсульт» бөлімінде ерте кезеңдегі оңалту шараларынан өтіп жатыр. Емдеу мультидисциплинарлық тәсіл негізінде жүргізілуде.


Бүгінде бір науқас үйіне шығарылды. Қалған екі науқасты жағдайы толық тұрақтанған соң шығару жоспарланып отыр.


Түркістан облысы дәрігерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында үш адамның өмірі сақталып қалды. Науқастар мен олардың туыстары медицина қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдіруде.

Бөлісу