2 алтын және 1 қола медаль олжалады.
Астана қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы ел біріншілігі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар өзара мықтыны анықтап, түркістандық спортшылар 2 алтын және 1 қола медаль олжалады.
Атап айтқанда, ядро лақтыру сайысында Бексұлтан Елікбаев алтын медальға ие болса, биіктікке секіруден Антон Боднар ел чемпионы атанды. Ал 800 метрге жүгіруден Аружан Алтыбай қола жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кетейік, ел біріншілігінде топ жарған спортшылар ақпан айында Қытайда өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетеді.


