Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» салтанаты түрде қорытындыланды

0
82

Үздік нәтиже көрсеткен студенттер мен педагогтерге құрмет көрсетілді.


Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» салтанаты түрде қорытындыланды

Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылының» қорытындылау салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған іс-шара еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге және кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамытуға бағытталған.


Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, колледж студенттерінің инновациялық жобалары ұсынылған көрмені аралады.


Шара барысында жыл қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер мен педагогтерге құрмет көрсетілді.


Бүгінгі таңда Түркістан облысында 50 колледж жұмыс істеп, онда 75 мамандық бойынша 46 мыңнан астам студент білім алуда. Оның ішінде жұмысшы мамандықтарына бөлінген мемлекеттік тапсырыстың үлесі жылдан жылға артып келеді. Әсіресе, X WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатында облыстық құраманың үздік үштікке енуі – бір жыл бойы дәріптелген адал еңбек пен кәсіби шеберліктің жарқын көрінісі.


Айта кетейік, «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында облыста 6 жаңа мамандық ашылып, колледждерге 15 500 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Оның 8 881-і жұмысшы мамандықтарына бағытталды. Қазіргі таңда өңірдегі 30 колледжде тікелей жұмысшы кадрлар даярлануда. Сонымен қатар биыл облыс студенттері «WorldSkills Kazakhstan – 2025» ұлттық кәсіби шеберлік байқауында 4 алтын, 6 күміс, 6 қола медаль иеленіп, республика бойынша үздік үштікке енді. Франция елімен бірлескен халықаралық «Chocolatine Kazakhstan – 2025» аспаздар байқауы да сәтті ұйымдастырылып, жастардың кәсіби тәжірибесін арттыруға мүмкіндік берді.

Бөлісу