Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталды.
Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталған соң, екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Солардың бірі – Түркістанда перзентхана салу туралы келісім.
Түркістан облысы әкімдігі мен Абу Даби даму қоры арасында Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхананың құрылысын салу және қаржыландыру жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, құжат алмасу рәсімінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасында жел электр станциясы жобасын іске асыру жөніндегі келісімнің ратификацияланғаны жарияланды.