Түркістанда Ясауи іліміне арналған республикалық конференция өтті

0
85

Жиынға қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу мен насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.


Түркістанда Ясауи іліміне арналған республикалық конференция өтті

Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: толық адам және адал қоғам» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев Астана қаласында өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің» ашылуында тарихи ескерткіштерге ерекше мән беру қажеттігінатап өткен болатын. Осы орайда Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: толық адам және адал қоғам» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Мәдениет үйінде өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық құқық қорғау органдарыныңбасшылары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар басшылары, дін саласының өкілдері,Түркістан облыстық «Ардагерлер ұйымының» мүшелері,қалалық «Ақсақалдар алқасының» мүшелері,зиялы қауым өкілдері менжастар қатысты.


Конференцияның ашылуында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының«Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров сөз сөйлеп,басқосудың маңыздылығына тоқталды.


Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Өтпенов, ҚМДБ Сарапшылар кеңесінің мүшесі, философия және теология ғылымдарының докторы, ясауитанушы-ғалым, профессор Досай Кенжетай, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, PhD докторы, профессорМұхитдин Исаұлы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы Мұхитдин Төлегенов, ҚМДБ-ның «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров мазмұнды баяндамалар жасады.


Облыс әкімінің орынбасары өз баяндамасында Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды» деген ұстанымын атап өтіп, бүгінгіреспубликалық конференция ел бірлігін нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеуге серпін беретінін айтты.


–Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Түркістанның рухани астанаға айналуына Қожа Ахмет Ясауидің қосқан үлесі мол. Оның хикметтері, діни-философиялық туындылары адамзат ойының асыл жауһары болып саналады. Қожа Ахмет Ясауидің «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» – деген қағидасы қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды. Отаншылдыққа, елді сүюге, бауырмалдық пен жанашырлыққа өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді.ПрезидентімізЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі секілді киелі жерлерді қорғап, қолдау мемлекет қамқорлығында екенін атап өткен болатын. Бұл ретте Ясауидің өмірі мен шығармашылығын ғылыми тұрғыда негіздеп, қоғамға ұсыну маңызды. Сондықтан бүгінгі конференцияда ғалымдарбабамыздың еңбектерін жаңа қырынан танытады деген ойдамын, – деген Ертай Кенжебекұлы Ясауи мұрасын зерттеуге барлығының үлес қосуы маңызды екенін айтып, бұл бағыттағы бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.


Ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің «Толық адам» концепциясын ғылыми тұрғыда зерделеу, оның рухани мұрасын қазіргі қоғамдағы адал өмір сүру қағидаларымен сабақтастыру және жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану мақсатында өткен шарада Ясауи ілімінің рухани-адамгершілік құндылықтары, адал қоғам қалыптастырудағы маңызы және қазіргі қоғаммен сабақтастығы жан-жақты талқыланды. Жиынға қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу мен насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.Аталған іс-шара Түркістан облысының дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Бөлісу