Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған.
Түркістан облысында «Мархабат Байғұт оқулары» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Мархабат Байғұтқа 80 жыл» жобасының жетекшісі, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Ғалымжан Елшібайдың және Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті қаламгер, жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, «Құрмет», «Парасат» және «Барыс» сыйлығының иегері, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисті - Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат Байғұт оқулары» байқауы өтті.
Мархабат Байғұт – Қазақ прозасына өзіндік өрнек қосқан жазушы. Оның шығармаларында ауыл өмірі, адам болмысы,ұлттық құндылықтар терең бейнеленеді.
Байқауға 17 аудан және Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасынан жалпы саны 720ға жуық балалар қатысып өз бағын сынаған болатын. Ақтық мәреге 4кезең бойынша 144 қатысушы жолдама алып, өз бақтарын сынады.
Қатысушылар 4 кезең бойынша өнер көрсетті.
I кезеңде – қатысушылар жазушының шығармасы бойынша иллюстрациялықсуреттер салды.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша:
«Тау пістелі тағылымы» номинациясымен Мұсабек Назгүл Сайрам ауданы;
«Мархабат Байғұт» номинациясыменЗульфыхар Нұрислам, Жетісай ауданы;
I дәрежелі дипломмен ЕРЕЛХАН ГАУҺАР, Төле би ауданы;
II дәрежелі дипломменАнешова Нұрайым,
II дәрежелі дипломменДаулетбек Ақерке, Ордабасы ауданы;
III дәрежелі дипломмен Абсаттар Айзере, Арыс ауданы
III дәрежелі дипломменАлият Уали, Сарыағаш ауданы марапатталды.
II кезеңде – Мархабат Байғұт шығармаларынан (Прозасынан) мәнерлеп оқу. Қатысушыларға қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысып, өзі таңдаған шығарманы мәнерлеп оқыды.
Екінші кезең қорытындысы бойынша:
«Мархабат Байғұт» номинациясымен Маметжан Роза, Созақ ауданы
«Әдебиет - ардың ісі»номинациясымен Анарқұлова Сабина, Келес ауданы;
III дәрежелі дипломменКуантай Айсәуле, Сайрам ауданы;
III дәрежелі дипломменАмангелді Нұрболат, Бәйдібек ауданы;
II дәрежелі дипломмен Өрікбай Дүрия, Кентау қаласы;
II дәрежелі дипломменМұсабекова Анель Түлкібас ауданы;
I дәрежелі дипломмен ҒАЗИЗХАН РУХШОНА, Сауран ауданы марапатталды.
III кезеңде – Шығармашылық жұмыс.
М. Байғұттың журналистика саласына қосқан үлесі, жарық көрген мақалалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қойылатын талаптар: байқауға қатысушы 1оқушыжазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарда жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғады.
Үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша:
«Жаңа көзқарас, тың зерттеу» номинациясымен Құрманбек Ажарлым, Ордабасы ауданы
«Мархабат Байғұт» номинациясымен Нұрлыбай Айдос, Мақтаарал ауданы
III дәрежелі дипломмен Шекербек Қарақат Арыс ауданы;
III дәрежелі дипломмен Сәбден Жаннұр, Қазығұрт ауданы;
II дәрежелі дипломмен Орақбай Аделя Шардара ауданы;
II дәрежелі дипломмен Болысбек Аяулым, Бәйдібек ауданы;
I дәрежелі дипломменТҰРДАЛЫ СЫМБАТ, Отырар ауданы марапатталды.
IV кезең – Мархабат Байғұт шығармаларынан сахналық қойылым
қойылды. Қойылатын талаптар: Байқауға топ құрамындағы 5 оқушының қатысуы қарастырылды.
Төртінші кезеңнің қорытындысы бойынша:
«Мархабат Байғұт» номинациясымен Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі марапатталды.
«Түркілер төрі - Түркістан» номинациясымен Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі марапатталды
I дәрежелі дипломмен САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ марапатталды.
II дәрежелі дипломмен ТО Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы марапатталды
II дәрежелі дипломмен Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі марапатталды.
III дәрежелі дипломмен Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі марапатталды.
III дәрежелі дипломмен Түркістан қалалық кітапханасы марапатталды.
Байқауға, ақын, Сауран аудандық мәдениет үйінің режиссёры, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Сердаш әдеби сыйлығының иегері- Сайлаухан Жоланов; Ақын, журналист, Республикалық аймақтық жыр мүшәйраларының жеңімпазы - Бауыржан Ерман және Фараб кітапханасының негізгі қор сақтау бөлімінің, бөлім меңгерушісі - Джуманова Гүлзира әділ төрелік етті.
Айта кетейік, I дәрежелі жүлде иелері, 15 мамыр күні Фараб кітапханасында өтетін «Мақамы бөлек Мархабат» халықаралық симпозиумында марапатталатын болады.