Түркістанда «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің 5 жылдығы аталып өтті

0
116

«Конгресс Холл» - өңірдегі мәдени, қоғамдық және іскерлік шаралардың негізгі орталығына айналды.


Түркістанда «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің 5 жылдығы аталып өтті

Түркістанда «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің 5 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің 5 жылдық мерейтойы аталып өтті. 2020 жылдың 28 қыркүйегінде есігін ашқан кешен осы уақыт ішінде республикалық және халықаралық деңгейдегі жүздеген мәдени іс-шаралардың тұрақты өткізу алаңына айналды. Ұжым құрамындағы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кәсіби өнерпаздар бірнеше халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанып үлгерді.


«Белесті 5 жыл» атты салтанатты концертте кешеннің «JANA LEP» труппасы, «ALQONYR» фольклорлық ансамблі, «SAMGAU» би ансамблі және «КЕРУЕН» балалар би тобы көрерменге өз өнерін көрсетті. Сондай-ақ, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі дирижер Еркін Нұрымбетовтің өнері кештің көркін аша түсті. Шараның құрметті қонақтары қатарында Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркебұлан Дауылбаев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және қалалық басқармалар мен мекемелердің өкілдері және мәдениет саласының ардагерлері болды.


Айта кетейік, бес жыл ішінде «Конгресс Холл» - өңірдегі мәдени, қоғамдық және іскерлік шаралардың негізгі орталығына айналды. Осы кезеңде көптеген концерттер, форумдар, ресми кездесулер өткізіліп, мыңдаған көрерменге қызмет көрсетілді. Мерейтой барысында кешеннің дамуына үлес қосқан қызметкерлерге қала басшысы мен ұйым өкілдері тарапынан арнайы алғыс білдіріліп, ықылас гүлдері табысталды.

Бөлісу