Түркістан халқының 36,5 пайызы, яғни 17 580 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.
Түркістан қаласында кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында тұрғындарды орталықтандырылған сарқынды су жүйесіне қосу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қаладағы кәріз инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Бүгінде Түркістан халқының 36,5 пайызы, яғни 17 580 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін қала аумағында 27 кәріздік насос станциясы тұрақты режимде жұмыс істейді.
Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 13 нысанда құрылыс жұмыстары қолға алынған. Оның ішінде 8 жоба абоненттік және магистральдық желілерді қамтиды. Қалған 5 жоба магистральдық желілерді тартуға бағытталған. Барлық жобаның толық аяқталу уақыты 2028-2029 жылға жоспарланған.
Кәріз жүйесін орнату барысында көшелерде қазба жұмыстары жүргізілуде. Кәріз жүйесін толық іске қосқаннан кейін жолдар талапқа сай қайта қалпына келтірілетін болады.


