Түркістанда қалалық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды

0
103

Облыс әкімі прокуратура қызметкерлерін жаңа ғимаратпен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


Түркістанда қалалық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды

Түркістан төрінде қалалық прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан төрінде қалалық прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты нысанның салтанатты ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Миразов, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


Облыс әкімі прокуратура қызметкерлерін жаңа ғимаратпен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


– Қасиетті шаһарда құқық пен әділеттің жаңа ордасы бой көтеріп отыр. Бұл – тарихи сабақтастықтың белгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «заң үстемдігі – елдің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі» екенін үнемі айтады. Президентіміз «Заң мен Тәртіп» қағидатын ұсынып, осы міндетті орындауда прокуратура органдарына маңызды міндет жүктеп отыр. Ал құқық қорғау саласы мүлтіксіз әрі сапалы қызмет етуі үшін оларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Осы ретте бүгін ашылған ғимарат сіздердің жұмыстарыңызға серпін береді деп ойлаймын, – деген облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы бұл – заңға деген құрметтің, әділдікке деген сенімнің белгісі екенін айтты.


Жаңа прокуратура ғимараты – тек кеңсе емес. Бұл – заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдағы әділдікті қамтамасыз етуге, тұрғындардың өтініштеріне жедел және сапалы жауап беруге арналған заманауи орталық. Ғимараттың құрылысы биылғы жылдың ақпан айында басталып, жыл соңында толық аяқталған. Тапсырыс беруші – «Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ. Құрылыс жұмыстарын «Нұр-Строй 2012» ЖШС жүргізді. Ғимарат заманауи техникалармен жабдықталған, ішінде барлық жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Қызметкерлердің бөлмелері, үлкен жиналыс залы, ас бөлмесі, жаттығу бөлмесі, жабық спорт залы және автотұрағы бар.


Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимараттың лента қию рәсімі өтіп, облыс әкімі жергілікті зиялы қауым өкілдерімен бірге нысанды аралап көрді.

Бөлісу