Түркістанда асық атудан Азия чемпионаты басталды

0
192

Чемпионатты өткізуге университет ұжымы үлкен үлес қосып отыр.


Түркістанда асық атудан Азия чемпионаты басталды

Түркістан қаласында асық ату бойынша Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде асық ату бойынша Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті.


Бұл жарыс ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «Спорт Қоры» демеушілігімен ұйымдастырылуда. Чемпионатты өткізуге университет ұжымы үлкен үлес қосып отыр.


Чемпионаттың мақсаты – дәстүрлі ұлттық спорт түрлерін дамыту, жастар арасында асық ату ойынын кеңінен насихаттау және оның халықаралық беделін арттыру.

Бөлісу