Түркістанда ашық форматтағы кездесу өтті

0
71

Open talk форматында өткен жиында қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, маңызды тақырыптар мен сұрақтар төңірегінде пікір алмасты.


Түркістанда ашық форматтағы кездесу өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында «OPEN TALK форматында: Біз әртүрліміз – бірақ біргеміз» тақырыбында мазмұнды әрі ашық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын жүзеге асыру, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайту, өзара құрмет пен түсіністікті арттыру, сондай-ақ жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында өтті.


Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, «Ассамблея жастары» мен Студенттік Ассамблея өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.


Open talk форматында өткен жиында қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, маңызды тақырыптар мен сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Атап айтқанда, әралуандылықтың қоғамдағы рөлі, этносаралық қарым-қатынас мәдениеті және бірлік пен татулықтың маңызы кеңінен талқыланды.


Шара барысында қатысушылар «Біз әртүрліміз – бірақ біргеміз» қағидатының бүгінгі қоғам үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.


Ерекше форматтағы ice-breaker, спикерлердің мазмұнды баяндамалары және ашық пікірталас алаңы кездесуге ерекше серпін берді.


Сонымен қатар қатысушылар «Бірлік, татулық үшін мен не істей аламын?» тақырыбында өз ұсыныстары мен тілектерін жазып, ортақ құндылықтарға деген жауапкершіліктерін көрсетті.

Бөлісу