Түркістанда алғаш рет триатлоннан Азия кубогы өтіп жатыр

0
570

Халықаралық додаға әлемнің жиырмаға жуық елінен ең мықты әмбебап спортшылар келген.


Түркістанда алғаш рет триатлоннан Азия кубогы өтіп жатыр

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған ескек есу арнасында алғаш рет триатлоннан Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған ескек есу арнасында алғаш рет триатлоннан Азия кубогы өтіп жатыр. Суда жүзу, велосипед айдау және жүгіру сайыстарынан тұратын халықаралық додаға әлемнің жиырмаға жуық елінен ең мықты әмбебап спортшылар келген.


Бүгін “элита” санатына спортшылар 1,5 шақырым қашықтықты жүзіп, 40 шақырым қашықтықты велосипедпен бағындырды және 10 шақырым жүгіріп өтті.


Сайыс нәтижесіне сәйкес, ерлер арасында жеке бейтарап атлет Денис Колобродов жеңімпаз атанса, Қазақстан намысын қорғаған Дарын Қонысбаев күміс медальға және тағы бір жеке бейтарап атлет Роман Минеев қола медальға ие болды. Ал әйелдер арасында жеке бейтарап атлет Татьяна Баскакова жеңіске жетсе, жапондық Минори Икено екінші, жеке бейтарап атлет Алина Синевич үшінші орынға ие болды.


Ертең, яғни 28 қыркүйек күні кәсіпқойлар мен жастар кім мықтыны анықтайды.


Байрақты бәсекені тамашалауға АҚШ-тан шыққан триатлоннан әлемнің 6 дүркіні чемпионы Марк Аллен арнайы келіпті.


- Мені Қазақстанда да осындай жоғары дәрежедегі жарыстың өткізіліп жатқандығы және оған түрлі мемлекеттер өкілдерінің қатысуы қатты қуантты. Ұйымдастыру деңгейі өте тамаша. Одан бөлек су айданының кереметжасақталуы әрі ыңғайлы орналасуы, жүрігу жолақшасының тегістігі мен сапасы, сөренің жасалуы ұнады. Су спорты түрлерін дамыту үшін балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу керек. Спортпен шұғылданған бала жарыстың не екенін түсініп, жеңімпаздарға еліктеп, өздері де сол биікке көтерілуді мақсат етеді. Спорт - туризмді дамытудың да негізгі құралы. Кез-келген спортшы спорттық мансабынан бөлек, шет елдерді көріп, жаңа жерлермен танысқысы келеді. Тіпті бір жарыстарға спортшылар отбасымен келіп жатады. Осының бәрі ұйымдастырушы тараптың туризмін дамытуға септігін тигізеді. Мысалы, менің Қазақстанға келуім де спорттың арқасы. Өзім триатлоннан 6 дүркін әлем чемпионымын. Көптеген елдерді көрдім. Қазақстанмен танысып, болашақта тағы да келуге ниеттімін, - деді ол.

Бөлісу