ТҮРКІСТАН: Жуантөбеде жаңа спорт нысаны мен саябақ пайдалануға берілді

0
95

Нысанда ойыншыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жарықтандыру жүйесі, жасанды көгал мен қауіпсіздік қоршаулары қарастырылған.


ТҮРКІСТАН: Жуантөбеде жаңа спорт нысаны мен саябақ пайдалануға берілді

Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Жуантөбе ауылында жабық үлгідегі кіші футбол алаңы мен жаңа саябақтың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысты. Ауыл тұрғындарын нысандардың ашылуымен құттықтап, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.


Жабық үлгідегі кіші футбол алаңы барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Нысанда ойыншыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жарықтандыру жүйесі, жасанды көгал мен қауіпсіздік қоршаулары қарастырылған. Сонымен қатар алаң аумағы толық асфальт жабындысымен қамтылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.


Ал 1,5 гектар аумақта орналасқан жаңа саябақ бүгінде ауыл тұрғындарының демалып, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жайлы әрі көрікті қоғамдық кеңістікке айналып отыр. Саябақ аумағында серуендеуге арналған жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру шамдары, орындықтар, балалар ойын алаңдары мен спорттық жаттығу құрылғылары орнатылған. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.


Айта кетейік, биыл Жуантөбе ауылдық округінде инфрақұрылымды жақсарту және елді мекенді абаттандыру бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Бәйтерек кешенін қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, «Шаңырақ» нысанында Құрмет тақтасын орнату жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу