ТҮРКІСТАН: Жетісайда тазалықты сақтауға қосымша 53 арнайы техника алынады

0
191

Қоршаған ортаны таза ұстауға дағдыландыру шаралары Жетісай ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда тазалықты сақтауға қосымша 53 арнайы техника алынады

Жетісайда тазалықты сақтауға қосымша 53 арнайы техника алынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасын аудан аумағында жүйелі түрде ұйымдастыру, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстауға дағдыландыру шаралары Жетісай ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында. Аудан басшысы Серік Мамытовтың қадағалауымен жоспарға сәйкес күнделікті жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары бүгін аудан аумағында жоғары деңгейде өткізіліп, оған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінен, жергілікті тұрғындар мен ерікті жастардан 3 мыңға тарта адам, 20 арнайы техника жұмылдырылды. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы, ішкі көшелер мен арық-атыздар, саябақтар мен скверлер тазаланып, 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Ағаштардың түбі әктелді.


Аудан әкімдігінің хабарлауынша, қала, кент, ауылдық округтердегі санитарлық тазалықтарды сақтау мақсатында қосымша 53 арнайы техника алынып жатыр.


Табиғаттың, қоршаған ортаның тазалығының сақталуы бірінші кезекте әрбір тіршілік иесі үшін аса маңызды екені және де тазалықтың сақталуы денсаулықтың кепілі екені елді мекендерде өткен әрбір жиындарда айтылып, ауыл ақсақалдары мен белсенділері тарапынан түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Бөлісу