ТҮРКІСТАН: Жетісайда қоғамдық нысандардың өрт қауіпсіздігі тексерілді

0
82

Бірнеше тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 306-бабына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда қоғамдық нысандардың өрт қауіпсіздігі тексерілді

Жетісай ауданының әкімі Серік МамытовЖетісай қаласы аумағындағы қоғамдық тамақтану орындары мен қоғамдық моншаларды аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, өрт пен жарылыс фактілерінің алдын алу, сондай-ақ адам шығынын болдырмау мақсатында тиісті жұмыстарды атқару бойынша берген тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Серік МамытовЖетісай қаласы аумағындағы қоғамдық тамақтану орындары мен қоғамдық моншаларды аралады.


Іс-шара барысында нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі, эвакуациялық шығу жолдарының жай-күйі, электр және газ жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуы жан-жақты зерделеніп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Сондай-ақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері, «Газ инспекциясы» мекемесі мен «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Жетісай газ шаруашылығы мекемесі, тиісті сала мамандарының қатысуымен өткен алдын алу шараларында қоғамдық тамақтану орындарында ас дайындау барысында қолданылатын газ жабдықтарының, желдету жүйелерінің, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы тексерілді. Нысан иелеріне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.


Жүргізілген рейдтік шара барысында қолданыстағы заңнама талаптары мен техникалық регламенттерді сақтамай қауіпсіздік талаптарын бұзған бірнеше тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 306-бабына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Бөлісу