ТҮРКІСТАН: Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық әндер байқауы өтті

0
106

60-тан асқан ардагерлер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.


ТҮРКІСТАН: Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық әндер байқауы өтті

Түркістанда Жеңістің 80 жылдығына арналған ардагерлер арасында патриоттық әндер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында Жеңістің 80 жылдығына арналған облыстық патриоттық әндер байқауы өтті. Шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан келген, жасы 60-тан асқан ардагерлер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және Түркістан облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Байқаудың негізгі мақсаты - тарихи жеңістің маңызын жас ұрпаққа жеткізу, елге деген сүйіспеншілік пен батырлық рухты дәріптеу, ардагерлер ерлігін ұлықтау және патриоттық бағыттағы музыкалық өнерді кеңінен насихаттау. Байқауда қатысушылар патриоттық тақырыптағы әнді жанды дауыспен орындап, орындаушылық шеберлік, дауыс мүмкіндігі, көркемдік мазмұн және сахна мәдениеті бойынша бағаланды. Сондай-ақ дуэт, трио және квартет форматында өнер көрсетуге мүмкіндік берілді.


Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде шардаралық Нұрлан Адамбековке бұйырды. Жүлделі бірінші орынды созақтық «Сырлы Созақ» квартеті иеленді. Ал, екінші орынға ордабасылық Құрманәлі Жылқыбай мен жетісайлық Алима Жолдыбаева жайғасты. Үздік үштікті сайрамдық Жақсыбай Оңалбек пен төлебилік «Нұрлы шуақ» отбасылық дуэті және қазығұрттық «Мейірім» тобы түйіндеді. Сонымен қатар, байқаудың дипломанттары мен арнайы жүлдегерлеріне сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Бөлісу