ТҮРКІСТАН: Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатыр

0
60

Жеке және заңды тұлғадан түскен жолданымдар бойынша облыс көлемінде 88 998 жолданым түскен.


ТҮРКІСТАН: Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатыр

Түркістан облысында жеке қабылдауда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімі аппараты тарапынан 2025 жылдың қорытындысымен келіп түскен жолданымдар мен тапсырмаларға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жеке және заңды тұлғадан түскен жолданымдар бойынша облыс көлемінде 88 998 жолданым түскен. Оның ішінде, ҚР Президент Әкімшілігі арқылы 1 420 жолданым түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артқан (2024 жыл - 1 057).


ҚР Президент Әкімшілігі арқылы жазылатын мәселелер зерделеніп, жиі көтерілетін мәселелер анықталды. Атап айтқанда, жер заңнамасын сақтау, жер беру – 242, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласына – 219, білім – 132, жеке қабылдау – 117, жалпы әлеуметтік және жұмыспен қамту саласына қатысты 114 өтініш түскен.


ҚР Үкімет Аппараты арқылы 608 жолданым түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59%-ға азайған (2024 жыл – 1 034). Жолданымдардың басым бөлігі жер заңнамасын сақтау, жер беру – 114, жеке қабылдау – 93, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық – 76, әлеуметтік, жұмыспен қамту – 60, ауылшаруашылығы саласына қатысты 53 мәселе көтерілген.


2025 жылға жоғары тұрған органдардан азаматтардың жолданымдарына қатысты жалпы 85 тапсырма түскен. Оның ішінде ҚР Президент Әкімшілігінен – 23, ҚР Үкімет аппаратынан – 19, министрліктерден – 40, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан 3 тапсырма түсіп, орындалған. Тапсырмалар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20%-ға азайған (2024 жыл – 106 тапсырма).


Аудан, қала тұрғындарының мәселелері жергілікті жердегі әкімдік тарапынан шешу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Бөлісу