ТҮРКІСТАН: Жеке қабылдауда қоғамдағы өзекті мәселелер көтерілді

0
71

Заң талаптарына сәйкес зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынып, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты мемлекеттік органдарға тиісті міндеттер жүктелді.


ТҮРКІСТАН: Жеке қабылдауда қоғамдағы өзекті мәселелер көтерілді

Түркістан облысы әкімінің орынбасарының жеке қабылдауында қоғамдағы өзекті мәселелер көтерілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар көтерген ұсыныс-пікірлер мен өтініштер жан-жақты тыңдалып, оларды заң аясында шешу жолдары талқыланды.

Жеке қабылдауда жалпы 10 тұрғын келіп, өтініштері мен ұсыныстарын айтты. Азаматтар тарапынан тұрғын үйдің бүлінуіне байланысты өтемақы төлеу, елді мекендердегі жол және көлік инфрақұрылымын дамыту, көпір салу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көлік аялдамасын орнату жөнінде өтініштер берілді. Сонымен бірге білім беру саласындағы түйткілдер, оның ішінде мектептерде ыстық тамақтың ұйымдастырылуы, жеке меншік білім беру ұйымдарын қаржыландыру, еңбек даулары мен жұмысқа орналасу, сондай-ақ білім беру жүйесіне инновациялық шешімдер мен жасанды интеллект игілігін енгізу және әлеуметтік төлемдердің орындалуына қатысты мәселелер көтерілді.

Қабылдау барысында Еркебұлан Дауылбаев әрбір ұсынысты назарға алып, заң аясында жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Әрбір өтініш бойынша жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді. Заң талаптарына сәйкес зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынып, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты мемлекеттік органдарға тиісті міндеттер жүктелді.

Түркістан облысы әкімдігінде азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тікелей тыңдап, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді жедел қарауға және оларды кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.

Бөлісу