Қазақстанда 82 мыңға жуық заңға қайшы интернет-ресурс анықталды

0
102

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменттің міндеті – қылмыстарды анықтау және ашу ғана емес, сонымен қатар оларды ескерту, алаяқтардың байланыс құралдары мен қаржылық инфрақұрылымға қол жеткізуін тоқтату және ұрланған ақшаны қайтару.


Қазақстанда 82 мыңға жуық заңға қайшы интернет-ресурс анықталды

ERNUR.KZ. Интернет-алаяқтық киберқылмыстың жалпы құрылымында әлі де маңызды орын алады. Сондықтан мұндай қол сұғушылықтарға қарсы тұру ішкі істер органдарының басымдықтарының бірі болып қала береді. ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, полиция полковнигі Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, жұмыс бір уақытта бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі: алдын алу; жедел әрекет ету; күдікті транзакцияларды бұғаттау; заңнаманы жетілдіру; халықаралық ынтымақтастық.

«Бірінші. Профилактикалық жұмыстар жалғастырылуда. Ағымдағы жылы бұқаралық ақпарат құралдарында осы бағыттағы 2,5 млн-нан астам материалдар жарияланды. Ұйымдарда 100 мыңнан астам профилактикалық кездесу өткізілді. 18 мың азаматтар жиыны ұйымдастырылды. 4 млн-нан астам жадынамалар мен брошюралар таратылды. Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында киберқылмыстарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға, қылмыстық схемаларға қатысушыларды анықтауға бағытталған «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді», – деді спикер.

Аталған жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы бойынша 1595 киберқылмыс анықталып, 1242 іс аяқталды, бұрын жасалған 917 қылмыс ашылды. Осындай қылмыстарды жасағаны үшін барлығы 724 адам ұсталды, оның ішінде 22 шетел азаматы бар. Қамауға алынғандар саны – 97 адам. Іздеуде жүрген 8 адам ұсталды.

Сонымен қатар заңға қайшы интернет-ресурстарды анықтау мақсатында интернет желісіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы жылғы 9 айда 82 мыңға жуық құқыққа қайшы интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жіберілді.

«Біздің қызметкерлер адамдардың өз-өзіне қол жұмсауының алдын алу бойынша да жұмыстар жүргізеді. Әлеуметтік желілерде тікелей эфирлерде отырып, өзіне қол жұмсағысы келген азаматтар анықталып, оларға дер кезінде тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде жыл басынан бері 30-дан астам азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге жол берілмеді», – деді Ж. Сүйінбай.