Түркістан облысы спортының кезекті жарқын жетістігі.
Түркістандық Ақтолқын Сейілбекова Азия пара ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Түркістан облысының спортшысы Ақтолқын Сейілбекова пара дзюдодан топ жарып, алтын медаль иеленді.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз қарсыластарынан басым түсіп, жоғары шеберлігі мен қайсар мінезін танытты. Осылайша, Ақтолқын құрлықтық додада Қазақстан қоржынына алтын жүлде салып, ел мерейін үстем етті.
Бұл – спортшының табанды еңбегі мен тынымсыз дайындығының жемісі, сондай-ақ Түркістан облысы спортының кезекті жарқын жетістігі.


