Жалпы 4000-нан аса кездесу өткізіліп, оған 330 мыңға жуық облыс тұрғыны қатысты.
Түркістанда дәстүрлі «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Шарның мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін дін саласындағы мамандарды анықтау, қолдау көрсету, жұмыс тәжірибелерін зерделеу және үлгі ретінде облыс көлемінде тарату, олардың мәртебесі мен беделі туралы қоғам арасында оң пікір қалыптастыру.
Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады. Ол өз сөзінде қоғамда рухани құндылықтарды дамыту, патриотизмді нығайту, ұлтаралық және дінаралық келісімді бекіту бағытында өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Биыл байқау үшінші рет өткізіліп отыр. Жеңімпаздар түрлі номинация бойынша марапатталып, оларға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар байқауға қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар берілді.
Айта кетсек, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтіңтапсырмасымен, Дін істері басқармасының ұйымдастыруыменауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Елімізге танымал дін ғалымдары, өнер, спорт, мәдениет саласының өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары барлық қала, аудандарда болып, халықпен кездесулер, сұқбаттар ұйымдастырылды. Жалпы 4000-нан аса кездесу өткізіліп, оған 330 мыңға жуық облыс тұрғыны қатысты.


