ТҮРКІСТАН: Тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы әлем чемпионы атанды

0
97

Бұл жетістік – отбасы тәрбиесінің, қажырлы еңбектің және «Шардара Армспорт» мектебінің жүйелі жұмысының нақты жемісі.


ТҮРКІСТАН: Тұңғыш рет бір әулеттің үш ұлы әлем чемпионы атанды

Болгарияда армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Болгарияда армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында "Шардара Армспорт" құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды.


Чемпиондар:

Ибрагим Бекнұр – 14 жаста, жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы

Ибрагим Азамат – 15 жаста, жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта әлем чемпионы

Ибрагим Әділет – 18 жаста, жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта әлем чемпионы


Осылайша, Шардара ауданы тарихында тұңғыш рет бір әулеттің үш баласы халықаралық деңгейдегі бір жарыста қатарынан чемпион атанып отыр. Бұл жетістік – отбасы тәрбиесінің, қажырлы еңбектің және «Шардара Армспорт» мектебінің жүйелі жұмысының нақты жемісі.

Бөлісу