ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 18 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

0
67

Жол жөндеу жұмыстары ауыл тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, көлік қатынасын да едәуір жеңілдетпек.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 18 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл Түлкібаста «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 18 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түлкібас ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында үш ауылдық окруктегі бес ауылда жалпы 18 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жол жөндеу жұмыстарымен Майлыкент, Машат, Ақбиік ауылдық округтеріндегі Т.Рысқұлов, Бақыбек, Ақбиік, Машат, Құлан елді мекендері қамтылмақ.


Жұмыс барысы бақылауда. Аудан әкімі Асқар Естібаев Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Бекбосынов көшесінің құрылыс барысымен танысты. Бұл көше – ауыл ішіндегі негізгі жолдардың бірі. Ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды. Жол жөндеу жұмыстарын «Мақтааралдорстрой» ЖШС жүзеге асыруда. Мердігер мекеменің мәліметінше, бүгінде құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталған. Жоспарға сәйкес, жол маусым айының соңына дейін толық пайдалануға беріледі.


Аудан әкімі мердігер компанияның өкілдерімен кездесіп, жұмыстың сапасы мен мерзіміне баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар жол құрылысы кезінде тұрғындарға қолайсыздық туғызбау үшін барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Жол жөндеу жұмыстары ауыл тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, көлік қатынасын да едәуір жеңілдетпек.

Бөлісу