ТҮРКІСТАН: «Түлкібас» теміржол вокзалының құрылысы басталды

0
94

Бүгінде нысанның бірінші қабаты толық көтеріліп, екінші қабаттың құрылыс жұмыстары басталған.


ТҮРКІСТАН: «Түлкібас» теміржол вокзалының құрылысы басталды

«Түлкібас» теміржол вокзалының құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында «Түлкібас» теміржол вокзалы ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан басшысы Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев ғимараттың құрылыс алаңында болды.


Бүгінде нысанның бірінші қабаты толық көтеріліп, екінші қабаттың құрылыс жұмыстары басталған. Жоба жоспарға сай іске асуда.


Мердігер мекеме өкілдерінің мәліметінше, жыл соңына дейін ғимараттың шатыры жабылып, ішкі әрлеу және аяқтау жұмыстары толықтай жүргізілмек. Аудан басшылығы құрылыс сапасына ерекше мән беріп, жұмысты мерзімде аяқтауды тапсырды.


Жоба толық іске қосылғанда, аудан тұрғындары мен қонақтарына заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін болады.

Бөлісу