ТҮРКІСТАН: Тілсіз жаудан 18 адам қаза болды

0
54

13 адам жарақат алған.


ТҮРКІСТАН: Тілсіз жаудан 18 адам қаза болды

Биыл Түркістан облысы аумағында 390 өрт дерегі тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл облыс аумағында 390 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудан 18 адам қаза болды, 13 адам жарақат алған. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Айнабек мәлімдеді.


«Облыс аумағында орын алған өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында, автокөлік құралдарында, сауда орындарында, бидай және орман алқаптарында орын алған. Жыл басынан бері өрттен болған материалдық шығын 1 миллиард 729 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, газдан улану дерегі бойынша 1 жағдай тіркелген. Оқиға салдарынан 2 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алған. Жергілікті әкімдіктер тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мұржалары тазартылды. Атаулы іс-шараға төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, газ инспекциясының мамандары қатысты. Облыс көлемінде жүргізілген рейдтер нәтижесінде ТЖД қызметкерлері 37 мыңнан астам заңбұзушылықтарды анықтады. Жылыту маусымында пештерді тазалау жұмыстары кемінде 3 айда бір рет жүргізілуі тиіс. Түтін арналары өтетін пештер, құбырлар мен қабырғалардың беттері ақаусыз, жарықсыз болуы міндетті. Пештен алынған күл мен от қалдығына су құйып, ғимараттардан кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге апарып тастау қажет» - деді спикер.

Бөлісу